Мұзбел – Маңғыстау облысы Қарақия ауданы жерінде, Үстірттің оңтүстік-батыс бөлігіндегі жон.
Жер бедері Солтүстік-батысында Қарынжарық ойысы мен құмы, оңтүстік-шығысында Қарынгүрлі аңғары аралығында 75-80 км-ге созылып жатыр, енді жері 20-25 км. Ең биік жері (340 м) жонның солтүстік-батысында.
Геологиялық құрылымы Мұзбел жоны сарматтың бақалшақты-оолитті әктастарынан түзілген. Гипс және әктасты жыныстардың шайылуынан пайда болған карсты құбылыстар көп.
Өсімдігі Өсімдіктерден жусан, бұйырғын, т.б. өседі. Мұзбел жоны маусымдық мал жайылымына пайдаланылады. Солтүстік-батыс бөлігі Үстірт қорығы аумағына кіреді. Жонды бойлық бағытта бірнеше қара жол кесіп өтеді.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997
Дереккөздер
Санат:Қарақия ауданы таулары