Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов (9 желтоқсан 1956 жыл, Новобогат, Махамбет ауданы, Гурьев облысы) — қазақстандық саясаткер, мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, 2023—2025 жылдары ҰҚШҰ Бас хатшысы. Тасмағамбетов — философия ғылымдарының кандидаты, саясаттану ғылымдарының докторы.
Иманғали Тасмағамбетов 2002–2003 жылдары Қазақстан премьер-министрі, 2004—2008 жылдары Алматы әкімі, 2008—2014 жылдары Астана әкімі, 2014–2016 жылдары Қазақстан Қорғаныс министрі, ал 2017–2019 жылдары Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі болған.
ҰҚШҰ Бас хатшысы ретіндегі Тасмағамбетов Орешник ракетасы, Ресейдің Украинаға басып кіруі мен Украина егемендігі жайлы бірнеше даулы сөздер айтты және осы үшін «Миротворець» сайты оны 5 әскери қылмыс үшін кінәлі деп танып, «Ресейдің Украинаға қарсы басқыншылығын толықтай қолдайды» деді.
Өмірбаяны Тасмағамбетов 1956 жылғы 9 желтоқсанда Гурьев облысы, Махамбет ауданы, Новобогат ауылында дүниеге келген. Кіші жүз Байұлы тайпасының Жаппас руынан шыққан.[titus.kz/print.php?id=1512]
1979 жылы А. С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының география мен биология пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша дипломын алды.
1990 жылы «Дүниетану аспектілерінің экологиялық проблемасы» тақырыбы бойынша диссертациясын қорғап, философия ғылымдарының кандидаты атағына ие болды. 7 жылдан кейін ол «Транзиттік саяси жүйелеріндегі әлеуметтік саясат» ғылыми зерттеу жұмысын таңдап, саясаттану ғылымдарының докторы атанды.
1981 жылдан 1991 жылға дейін КОКП мүшесі, 1990—1991 жылдары Қазақстан компартиясы Орталық комитетінің Политбюро мүшесі болды. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болып сайланды.
Еңбегі мен саяси өмірбаяны сол кездегі жалғыз жастар саяси ұйымы — Қазақстанның Ленин коммунистік жастар одағындағы (ЛКЖО) басшылық қызметімен байланысты. 1979 жылдан Махамбет ауданындағы ЛКЖО ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Гурьев ЛКЖО қалалық комитетінің және облыстық комитетінің бірінші хатшысы, 1989 жылдан 1991 жылы жастар одағы таратылған кезге дейін ЛКЖО Орталық комитетінің бірінші хатшысы болды.
1991—1993 жылдары Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан Республикасының Жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитетін басқарды. 1993—1995 жылдары Қазақстан президентінің көмекшісі болды.
Кейін Қазақстан Үкіметінің құрамында жұмыс істеді: 1995—1997 жылдары Премьер-министрдің орынбасары болып, 1997 жылы вице-премьерлік қызметімен қатар Білім және мәдениет министрлігіне жетекшілік етті.
Одан кейінгі уақытта Қазақстан Президентінің Әкімшілігінде лауазымды қызметтер атқарды: 1997—1998 жылдары Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары және Президент Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі, 1998—1999 жылдары Қазақстан Президентінің бірінші көмекшісі болды.
1999—2000 жылдары өзінің туған жерінде Атырау облысының әкімі болып қызмет етті.
2000 жылғы желтоқсан айында Үкіметке оралып, Премьер-министрдің орынбасары лауазымын алды. 2002 жылғы 28 қаңтарда отставкаға кеткен Тоқаевтың орнына Премьер-министр болып тағайындалды. 2003 жылғы 11 маусымда Президент Тасмағамбетовтің Жер кодексінің төңірегіндегі дауға байланысты отставкаға берген өтінішін қабылдап, 13 маусым күні Мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындады.
2004 жылы наурыздан желтоқсанға дейін бірнеше ай бойы Қазақстан Президентінің Әкімшілігін басқарды.
2004 жылдан 2008 жылға дейін 1,5 млн тұрғыны бар Қазақстанның ең ірі қаласы Алматының әкімі қызметін атқарып келді.
2008 жылы 4 сәуірде Қазақстанның елордасы Астана қаласының әкімі болып тағайындалды.
2014 жылғы 22 қазаннан Қазақстанның Қорғаныс министрі, 2016 жылғы 13 қыркүйектен Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары лауазымдарын атқарды.
2017 жылғы 3 ақпанда Президент Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшісі қызметіне жіберілді. 2019 жылғы 18 желтоқсанда Мемлекет басшысы Тоқаевтың Жарлығымен зейнет жасына толуына байланысты қызметінен босатылды.АНЫҚТАМА. Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы
2021 жылғы маусымда Тасмағамбетов ресейлік «КамАЗ» автомобиль корпорациясының тәуелсіз директоры болып сайланды.Экс-премьер Казахстана вошел в совет директоров КамАЗа
2022 жылғы 18 мамырда Тасмағамбетов Қазақстан гольф федерациясының президенті болып сайланды.Тасмагамбетов стал главой Казахстанской федерации гольфа Ол федерацияны 2023 жылғы 2 сәуірге дейін басқарды.Казахстанская федерация гольфа избрала нового президента
2022 жылғы 23 қарашада Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) Бас хатшысы қызметіне Иманғали Тасмағамбетов тағайындалғанын мәлімдеді.Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы болып тағайындалды 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ҰҚШҰ Бас хатшысы ретінде жұмысқа кірісті.Қазақстан тізгінін ұстаған "ресейлік НАТО" құру алдында тұр ма 2025 жылғы 27 қарашада Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың төрағалығымен өткен отырыста ҰҚШҰ Бас хатшысы болып Қырғызстан өкілі Таалатбек Масадықов тағайындалды. Ол қызметіне 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап кірісті.В Бишкеке состоялась сессия Совета коллективной безопасности ОДКБ
ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі, «Мәдени мұра» атты Мемлекеттік бағдарламаның қоғамдық кеңесінің төрағасы, ЮНЕСКО ісі жөніндегі ҚР Ұлттық комиссясының төрағасы, Қазақстан Республикасының оқпен ату Федерациясының құрметті президенті, академик А.Х. Марғұлан атындағы Халықаралық қор басқармасының төрағасы.
Тасмағамбетов Моңғолияға, Батыс Қазақстанға және Ресей Федерациясының Астрахан облысына (Каспий: мұнай және мәдениет) және т.б. жерлерге Халықаралық мәдениеттанушылық экспедициялар ұйымдастырған. Соның нәтижесінде 2000 жылы Моңғолиядан Қазақстанға ежелгі түбегейлі Күл-тегін тас хатының көшірмесі орнатылды. Қазақ мәдениеті мен тарихының мұраларын жаңғыртып, көпшілікке жеткізуге тағы басқа көп жұмыс атқарған қайраткер.Өнегелі өмір иелері
Оншақты кітаптардың және көптеген ғылыми еңбектердің авторы. Мәдениеттану, мемлекеттік басқару, әлеуметтік-экономикалық өркендеу проблемалары және саясаттануға байланысты мақалалардың авторы.
Марапаттары «Парасат» ордені (1998) «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» ордені (2004) Орыс Православиелік Шіркеуінің «Мәскеулік Даниил қасиетті патшасы» ордені Ресей Федерациясының «Дружба народов» орденімен және көптеген алқалармен марапатталған.
Отбасы Әкесі — Тасмағамбетов Нұрғали (1926—1997). Анасы — Қоқанова Ділдә Матайқызы (1930—2019).
Үйленген, жұбайы — Бекқұлова Клара Дауымқызы (1957 ж.т.), мұғалім.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Үлкен қызы — Әсел (1979 ж.т.), заңгер, «Сәби» қайырымдылық қорының президенті.
Кенже қызы — София (1983 ж.т.), суретші.
Ұлы — Нұрсұлтан (1994 ж.т.).
Бауыры — Құрманғали (1959 ж.т.), мамандығы бойынша мұғалім, экономист, 2019 жылдан бастап Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.Курмангали Тасмагамбетов назначен на новую должность
Апасы — Нұрсұлу (1950—2024), педиатр, бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаменті бастығы. Екінші апасы — Ғалия (1952—2022).
Қарындасы — Рысты (1964 ж.т.), «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.
Жиен немерелері — Дінмұхаммед (2000 ж.т.), Нұреддин (2005 ж.т.), Сирин (2013 ж.т.), Иман (2016 ж.т.).
Күйеу баласы, үлкен қызы Әселдің жұбайы — белгілі кәсіпкер, «Fincraft Group» холдингінің президенті Кеңес Рақышев. «Forbes Kazakhstan» журналы кәсіпкердің 2025 жылғы байлығын 435 млн доллар көлемінде бағалаған.Кенес Ракишев
Шығармашылығы И. Тасмағамбетов өзі айтқандай: «Мен ырымшыл емеспін, бірақ атеист те емеспін». Қазақстан тарихы, этнографиясы, археология мәселелеріне терең көңіл бөліп, Орталық Азия халықтарының қолтаңба өнерінің заттарын жинаумен айналысады. Саяси қайраткер мұраты — Мұстафа Шоқай, Франсуа Миттеран. Ат жалындағы өркениет Құлыптас
Дереккөздер
Санат:Қазақстан философтары Санат:Қазақстан премьер-министрлері Санат:Қазақстан мемлекеттік хатшылары Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Алматы әкімдері Санат:Астана әкімдері Санат:Атырау облысының әкімдері Санат:Қазақстан қорғаныс министрлері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12-шақырылымының депутаттары Санат:Саяси ғылымдар докторлары Санат:II дәрежелі мәртебелі Саровтық Серафим орденінің иегерлері Санат:Қазақстан ЛКЖО ОК бірінші хатшылары Санат:Қазақстан білім министрлері Санат:Қазақстан мәдениет министрлері Санат:Орыс православ шіркеуінің әулие әділ князь Мәскеулік Даниил орденінің иегерлері Санат:Нұр Отан саяси кеңесінің мүшелері Санат:Қазақстанның Ресейдегі елшілері Санат:Қазақстан Президенті Әкімшілігінің басшылары