Наталия Ильинична Сац (27 тамыз 1903, Ресей, Иркутск - 18 желтоқсан, 1993, Мәскеу қ.) - режиссер, драматург, театр қайраткері, КСРО халық артисі (1975), өнертану ғылымдарының кандидаты (1962), профессор (1984), Социалистік Еңбек Ері (1983).

Өмірбаяны 1917 ж. Мәскеу қаласындағы А.Н. Скрябин атындағы музықалық техникумды бітірді. 1920 ж. А.С. Грибоедов атындағы драма студиясын бітірді.

1953 ж. Мәскеудегі театр өнері институтының театртану факультетін бітірді. Ол Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрының негізін салушы. 1937 - 42 ж. жазықсыз жала жабылып, қуғын-сүргінге ұшырады. 1944 - 50 ж. Қазақстанда өзі ұйымдастырған Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрының бас режиссері болып, осы театр сахнасында А.Н. Толстойдың "Алтын кілтін" (1947), У.Шекспирдің "Он екінші түн" (1947) және "Вероналық екі бозбаласын" (1949), сондай-ақ, Қазақ академиялық опера және балет театрында Дж. Пуччинидің "Чио-Чио-санын" (1944) қойды.

Шығармашылығы Сац балаларға арналған опералардың либреттосын да жазды. Балалар театрына арналған бірқатар пьесалардың авторы. "Менің өмірімнің новеллалары" атты кітаптың (1984) авторы.

Марапаттары КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері (1972). 1982 ж. Лениндік сыйлықтың иегері 1984 ж. Бүкілодақтық Лениндік Комсомол сыйлығы берілді. Ленин ордені. Социалистік еңбек ері Ленин ордені

Октябрь революциясы ордені

Еңбек Қызыл Туы ордені

Халықтар Достығы ордені

КСРО халық әртісі

Ресей халық әртісі

КСРО министрлер кеңесі сыйлығы.

Есте қалдыру 1995 ж. Қазақстандағы Мемл. академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрына Сацтың есімі берілді.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:27 тамызда туғандар Санат:1903 жылы туғандар Санат:Иркутскде туғандар Санат:18 желтоқсанда қайтыс болғандар Санат:1993 жылы қайтыс болғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:КСРО театр режиссерлері Санат:Ресей театр режиссёрлері Санат:XX ғасыр театр режиссерлері Санат:Қазақстан театр режиссёрлері Санат:КСРО опера режиссерлері Санат:Ресей опера режиссерлері Санат:XX ғасыр опера режиссерлері Санат:Қазақстан опера режиссерлері Санат:КСРО драматургтері Санат:XX ғасыр драматургтері Санат:Ресей драматургтері Санат:КСРО театр педагогтары Санат:Ресей театр педагогтары Санат:XX ғасыр театр педагогтары Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Қазан төңкерісі орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Халықтар Достығы орденінің иегерлері Санат:КСРО халық әртістері Санат:Ресей халық әртістері Санат:Лениндік сыйлықтың иегерлері Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:КСРО министрлер кеңесі сыйлығының иегерлері Санат:Бүкілодақтық Лениндік комсомол сыйлығының иегерлері Санат:КСРО жазушылары Санат:Ресей жазушылары Санат:XX ғасыр жазушылары Санат:КСРО либреттошылары Санат:КСРО-да қуғындалғандар Санат:КСРО-да ақталғандар Санат:КСРО өнертанушылары Санат:Өнертану ғылымдарының кандидаттары