Мехлис Қасымұлы Сүлейменов (01.03.1939 жылы туған, Қарағанды қаласы) – ғалым, ауыл шаруашылық ғылымның докторы (1982), профессор (1985), Бүкілодақтық ауыл шаруашылық академиясының (ВАСХНИЛ) корреспондент мүшесі (1985), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1990). Жыл Оқиға 1960 ж Қазақтың ауыл шаруашылық институтын бітірген 1960 – 1962 жылдар Ақтөбе ауыл шаруашылық тәжірибе станцияның ғылыми қызметкері 1962 ж Бүкілодақтық астық шаруашылығын ғылыми-зерттеу институтында аға ғылым қызметкер, бөлім меңгерушісі 1982 – 1985 жылдар Бүкілодақтық астық шаруашылығын ғылыми-зерттеу институтында директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары 1985 – 1990 жылдар Бүкілодақтық астық шаруашылығын ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істеді 1992 – 1994 жылдар А.И. Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығын ғылыми-зерттеу институтының директоры 1994 – 1995 жылдар ҚР Парламентінің депутаты 1995 – 1996 жылдар Қазақ ауыл шаруашылық академиясының вице-президенті 1997 жылдан Тәлімі құрғақ жерлерде ауыл шаруашылығын ұйымдастыру Халықаралық ғылыми орталығының (ИКАРДА) Орталық Азия және Закавказье елдері бойынша аймақтық үйлестірушісінің орынбасары
Зерттеулері Негізгі ғылыми-зерттеулері дәнді дақылдар өсіру технологиясы мен ауыспалы егіс мәселелеріне арналған. Сүлейменов егістік танаптарда қар тоқтатып, минералдық және органикалық тыңайтқыштарды және өсімдік қорғау құралдарын кең қолдана отырып, астық түсімділігін сүдігерсіз-ақ әрбір гектардан 25 – 30 центнерге, тіпті одан да жоғары көтеруге болатынын іс жүзінде дәлелдеді. Республикада бұршақ тұқымдас дақылдардың егіс көлемін арттыру мәселелерін көтерді.
Марапаттары Сүлейменов 140-қа жуық ғылыми еңбектің авторы, оның 15-і шет елдерде жарық көрген. Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі”, “Халықтар достығы” ордендерімен, ҚР Президентінің Бейбітшілік және рухани келісім сыйлығымен және бірнеше медальдармен марапатталған.
Шығармалары Практическое руководство по освоению интенсивной технологии возделывания яровой пшеницы, М., 1986; Какому быть полю, А., 1991; Оценка основных элементов почвозащитной системы земледелия и изменившихся социально-экономических условиях. Развитие идей почвозащитного земледелия в новых социо-экономических условиях, НПЦЗХ, Шортанды, 2003.
Дереккөздер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Санат:Тұлғалар