Серб тілі (Sérbian language) — үндіеуропалық тілдер отбасының славян тобының оңтүстік славян кішкі тобына кіреді, тілдердің қопарылма (флективті) түріне жатады. Сербияның (Воеводина, Косово, Метохия провинциялары) және Черногорияның ресми тілі; Босния және Герцеговина Республикасының ресми тілі (босния және хорват тілдерімен бірге) (Конституция 1995).
Референтті халық Референтті халық: сербтер; өз атауы – сербтер, србтер.
Географиялық таралуы Сербияның негізгі халқы, сонымен қатар Хорватияда (Хрватска), Черногорияда (Црна Гора) тұрады. Сербтер ұзақ уақыт өмір сүрген басқа елдерде де бөлек аймақтар бар: Македонияда (Куманово, Скопье), Словенияда (Бела Крайна), Румынияда (Банат), Мажарстандада (Печ, Сентендре, Сегед). Тұрақты серб диаспоралары көптеген елдерде бар: Германия, Аустрия, Швейцария, Франция, Ресей, Бразилия, Канада, АҚШ және Аустралияда.
Диалектісі Серб әдеби тілі стокава диалектісіне негізделген.
Жазуы Серб тілінде екі алфавит қолданылады: Вук Караджич жасаған кириллица әліпбиі, Людевит Гадж жасаған латын әліпбиі.
Кириллица графикасына негізделген қазіргі жазу: Аа Бб Вв Гг Дд Ђђ Ее Жж Зз Ии Jj Кк Лл Љљ Мм Нн Њњ Оо Пп Рр Сс Тт Ћћ Уу Фф Хх Цц Чч Џџ Шш
Дереккөздер
Санат:Серб тілі