thumb|right|200px|Жабағы Сүлейменұлы Тәкiбаев Жабағы Сүлейменұлы Тәкiбаев (28.09.1919, Семей – 31.10.2016, Алматы) – физик, физика-математика ғылымдарының докторы (1958), Қазақ КСР-і Ғылым Академиясының академигі (1958), профессор (1959), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1967).Академику Жабага Сулейменовичу Такибаеву 95 лет. Старейшина физиков Казахстана. Вестник НАН РК 2014 г. № 5.

Өмірбаяны Ташкенттегі Орта Азия Мемлекеттік Университетін бітірген (1942). 1942–1944 жылы Нүкіс қаласындағы Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институтында аға оқытушы. 1944–1949 жылы КСРО Ғылым Академиясының П. Н. Лебедев атындағы физика институтында аспирант. 1949–1951 жылы Қазақ КСР-і Ғылым Академиясының Астрономия және Физика Институтында аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі. 1951–1957 жылы Қазақ КСР-і Ғылым Академиясы Физика-Техникалық Институтының директоры. 1957–1970 жылы Қазақ КСР-і Ғылым Академиясы Ядролық Физика Институтының директоры, бөлім меңгерушісі. 1970–1981 жылы Қазақ КСР-і Ғылым Академиясы Жоғары Энергия Физикасы Институтының директоры, лаборатория меңгерушісі. 1962–1971 жылы Қазақ КСР-і Ғылым Академиясының вице-президенті. 1981–1991 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ядролық физика кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының кеңесшісі (1992). 1993 жылдан Қазақстан Республикасы Ұлттық Ядролық Орталығының ғылыми жетекшісі.

Еңбектері Негізгі ғылыми еңбектері классикалық электродинамикаға, ғарыштық сәулелер физикасына, жоғары энергия физикасына арналған.Қазақстан: Ұлттық энциклопедия. Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том.

Дереккөздер

Санат:28 қыркүйекте туғандар Санат:1919 жылы туғандар Санат:Семейде туғандар Санат:31 қазанда қайтыс болғандар Санат:2016 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Физика-математика ғылымдарының докторлары Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Парасат орденінің иегерлері Санат:XX ғасыр физиктері Санат:Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы академиктері Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткерлері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 6-шақырылымының депутаттары Санат:Өзбекстан Ұлттық Университеті түлектері Санат:Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институты оқытушылары Санат:Лебедев атындағы физика институты қызметкерлері