Сарыбұлақ — Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы ауыл, Сарыбұлақ ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Қордай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 40 км жерде, Қақпатас өзенінің жағалауындағы ақ жусан аралас эфемерлі шөптесін өскен қоңыр, бозғылт қоңыр топырақты тау алдының қуаң агроклиматтық белдемінде орналасқан.
Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен2953 4232 143,3 1453 2090 143,8 1500 2142 142,8
Тарихы Ауыл 1964-97 жылдары қызылша өсіретін «Сарыбұлақ» кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде ауылда «Сарыбұлақ» АҚ және бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.
Инфрақұрылымы Ауылда орта, бастауыш мектептер, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, клуб, кітапхана, т.б. мекемелер бар.
Дереккөздер
Санат:Қордай ауданы елді мекендері