Торғай көтерілісі — 1916 жылы басталған Ресей патшалығының 25 маусымдағы "бұратана халықтарды тыл жұмыстарына алу" туралы жарлығына қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. Аталған жарлыққа сәйкес 19 бен 43 жас аралығындағы қазақ ер-азаматтары майданның қара жұмыстарына (траншея қазу, жол салу, т.б.) алынуға тиіс еді. Бұл халық арасында зор наразылық туғызып, қарулы көтерілістерге ұласты.

Тарихы Көтерілістің сардарбасы (бас қолбасшысы) болып Амангелді Иманов сайланды, ал саяси-рухани жағынан басшылық еткендердің бірі және Торғай қазақтарының ханы болып Әбдіғапар Жанбосынұлы жарияланды. Сондай-ақ қозғалысқа Әліби Жангелдин де белсене қатысты. Көтеріліске түрткі болған негізгі себеп 1916 жылы шыққан Ресей патшасының “маусым жарлығы” болды.

1916 жылдың 22 қазанында 15 мың көтерілісші Амангелді Имановтың басшылығымен Торғай қаласын қоршауға алды. Оған генерал-лейтенант А.Д. Лаврентьевтің 9 мың жазалаушы тобы жіберілді. Көтерілісшілердің негізгі бөлігі Амангелдінің штабы орналасқан Батпаққара жазығы мен Аққұм құмының маңына шоғырланып, партизандық күрес әдісіне көшті.

1916 жылдың қараша айынан бастап 1917 жылдың ақпанына дейін Амангелдінің серігі, әйгілі мерген Кейкі батыр бастаған жасақ ерекше ерлікпен көзге түсті. Дереккөздер

Санат:Ресей империясы көтерілістері Санат:1916 жылғы қақтығыстар Санат:Көтерілістер