Тулақ — иленбеген теріден жасалатын төсеніш, жүні алынбаған мал терісі, кептірілген көн тері. Көбіне ірі қараның, құлынның терісінен жасалады. Тулақтың түкті жағын төсенішке, тықыр жағын жүн сабауға пайдаланады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Дереккөздер

Санат:Мал шаруашылығы