Шиелі ауданы – Қызылорда облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік-аумақтық бөлік. 1938 жылы құрылған. Жер аумағы 34,3 мың км². Орталығы – Шиелі кенті.
Географиялық орны Аудан батысында Сырдария ауданы және Қызылорда қаласымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен, оңтүстік-шығысында Жаңақорған ауданымен, шығысында Түркістан облысының Созақ ауданымен шектеседі.
Тарихы Шиелі ауданы Қазақ КСР Жоғарғы Советі Президиуымының Жарлығымен 1928 жылы қыркүйек айында құрылған. Ауданның жалпы жер көлемі 3239755 га.
Шиелі ауданы - ежелгі Сырдария өзенінің орта ағысына орын тепкен киелі мекен. Шығысында алты алашқа белгілі Сығанақ, Бестам шаҺары, теріскейінде Оңтүстік өңірге етене сұғына жатқан қарт Қаратау жатыр. Одан әрі Арқадан бастау алып Шиелі жеріне келіп тірелетін Сарысу өзені "Таңбалы тас" тұр. Талай тарихи оқиғаның куәсі болған атақты « Телікөл» де осы өңірде. Батысы облыс орталығының шекарасына иек артқан, түстігінде байырғы сары жел өлке – Қызылқұм.
XX ғасыр әлемдік дамуда небір ғылыми ашылулардың куәсі болса, Шиелі жерінің азаматтары да өздерінің жаңа дәуірдегі 80 жылдығы кезінде ғасырларға тең өсу, өркендеу жылдарының куәсі болды.
ХІХ ғасырдың соңында орыс армиясының Сыр бойын басып алғаннан кейін орыс көшпенділерінің келуі, 1903-1905 жылдары Орынбор-Ташкент теміржолының салынуы өңірдің бет бейнесін өзгертумен бірге халық санасының оянуына да ықпал етті. Орыс генералы Скоблев атындағы поселке 1919 жылдың 19 майында Шиелі атауына ие болды. Ғасыр басындағы алғашқы онжылдықта Шиелі халқы Қызылқұмнан түйемен сексеуіл дайындап, Орта Азия мен Ресейге жіберсе, кейін тар табан теміржолдың салынуы нәтижесінде жұртшылық теміржол вагондарымен даңқты Сыр жігерлерін (сексеуіл) жан-жаққа жөнелте бастады. Алғаш «Таштоп», кейін ЛЗУ атанған мекемелер осы қажырлы істердің айғағы. Шындығында, мұның өзі бір кездері егін мен мал шаруашылығы, жеміс пен жидек өсірумен шұғылданған халықтың өркениетке деген ұмтылысының бір көрінісі болды. Жергілікті халық жоңышқа өсіруді кең көлемде қолға алып, Түркістан әскери округіне жоңышқа дайындаудың базасына айналды. Алғаш коммуналар мен ұжымдық шаруашылықтардың құрылуы барша жұрттың отырықшы елге айналып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына негіз қалады. Шиелі ауданының өткен ғасыр басындағы алғашқы адымы осылайша басталған-ды.
1929-1930 жылдары аудан мақта, күріш, арпа, сұлы егумен айналысып, төрт түлік малды көбейтті. Шиелі өңірінде сауатсыздықты жою, білім мен ғылымға деген ұмтылыс көрініс тапты. Жаңадан мектептер салынып, малшылар мен диқандардың балаларының білім алуына жағдай жасалынды. Халықтың денсаулығын сақтау жөнінде де жаңа бағдарламалар жүзеге асырыла бастады.
Шиелі өңірінде өзінің жанкешті еңбегімен елінің де, өзінің де даңқын шығарған даңғайыр дихан Ыбырай Жақаев болды. Осындай тұлғалардың жойқын тегеуріні Шиелі алқабында сонау соғыс қарсаңында, 1940 жылы 14 мың кетпен қатысқан Шиелі каналының қазылуы еді. Толағай еңбектің нәтижесінде Сырдың жарты арнасындай болған осы бас канал қазіргі бүкіл Шиелі аймағы су жүйелерінің бастауындай болды. Халықтың нанға қол жеткен сәті шын мәнінде осы кезеңнен басталды. 1947 жылы Ыбырай Жақаевтың, мұнан соң Ким Ман Самның, кейіннен Шиелілік 38 Еңбек Ерінің жоғары еңбек марапатына ие болуы аудан көлемінде ғана емес, жалпы Сыр бойына егіншілікке бет бұрудың нәтижесі еді. Сол бастама 1960 жылдардан бері өрісі кеңіп өркен жайған жас Жақаевшылар қозғалысына ұласты.
Аудан өзінің даму тарихында еңбек пен ерліктің, ынтымақ пен бірліктің ұлы куәсіндей талай жеңістерге қол жеткізді. 2000 жылғы Сыр бойындағы он ғасыр адамдарының бесеуі Шиеліліктер: М.Шоқай, Ы.Жақаев, Ш.Есенов, Н.Бекежанов, Ә.Тәжібаевтардың болуы тарлан саясаткер, даңғайыр диқан, зерделі ғалым, жезтаңдай әнші мен арқалы ақын тәрбиелеуде бұл өлкенің белгілі орын алатындығын дәлелдесе керек.
Аумақтық әкімшілік бөлінісі: 1 кент және 22 ауылдық округтерінен тұрады.
Аудандағы 40 елді – мекенде барлығы 77121 адам тұрады. Оның ішінде кент орталығында 30459 адам, ауылдық елді – мекендерде 46662 адам тұрады. Олар, 21 ұлт өкілінен құралған. Аудан тұрғындарының негізін 95,7 пайызын қазақ, 1,9 пайызын орыс, 1,4 пайызын корей ұлтының өкілдері құраса, қалған 1,0 пайызын басқа ұлт өкілдері құрайды.
Аудан бойынша 47 тарихи – сәулет ескерткіштері тізімге алынған. Олар археологиялық, архитектуралық, монументтік және тарихи ескерткіштер болып бөлінген. Ескерткіштердің көпшілігі Сарысу өзенінің бойында және Телікөл аумағына орналасқан.
Аудан халқына 1 аудандық мәдениет үйі, «Жеңіс» мәдениет үйі, 6 ауылдық мәдениет үйлері мен 19 ауылдық клубтар, 5 халықтық ұжымдар, 2 мәдени қызмет көрсету кешені, 32 мемлекеттік жүйедегі кітапханалар, 2 музей мәдени қызмет етуде.
Ауданда 40 мектеп (оның 32 орта, 5 негізгі, 3 бастауыш) жұмыс істейді. Олардың 19 – ы типтік жобада, қалғандары ыңғайластырылған ғимараттарда орналастырылған. 20 мектепке дейінгі мекеме, 2 мектептен тыс мекеме (Әуез мектебі және оқушылар үйі) бар.
Ауданда 23 СТК – дан бөлек 4 саяси партия өкілдіктері, 15 ҮЕҰ, 3 кәсіптік одақтар ұйымдары, 6 діни, 2 жастар қоғамдық бірлестіктері бар.
Әлеуметтік-экономикалық паспорты
2011 жыл 1 шілдеге
АУДАННЫҢ АУМАҒЫ 3239755 га
Елді мекендердің аумағы
Шиелі кенті 3687 Ауылдық округтер Ақмая 12965 Ақтоған 105328 Алмалы 2965 Бәйгеқұм 3382 Бестам 4875 Гигант 21592 Жанатурмыс 19479 Еңбекші 498609 Жиделіарық 2753 Жөлек 70805 Жуантөбе 6614 Иіркөл 19652 Керделі 7095 Қарғалы 418902 Майлытоғай 92658 Сұлутөбе 608075 Қоғалы 415176 Талаптан 416641 Тартоғай 338832 Телікөл 84726 Төңкеріс 15972 Ортақшыл 68972
Аудан жерлерінің санаты: • ауылшаруашылық жерлер - 192540 га • елді мекендер жері - 61646 га • өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа жерлер- 4376 га • орман қорының жері - 1663265 га • су қорының жері - 18545 га • бос жерлер - 1486543 га
Халқы 1939 1959 1970 1979 1989Ресей империясы, КСРО халық санақтары 1999 2009ҚР халық санақтары 2021 24747 36809 48905 56048 62790 73896 75306 83139 Тұрғындар саны – 82 399 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 96,70%, орыстар – 2,05%, корейлер – 0,84%, басқа ұлт өкілдері – 0,42%.
Әкімшілік бөлінісі 38 елді мекен 22 ауылдық округ пен 1 кенттік әкімдікке біріктірілген: + Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2021) Ақмая ауылдық округі Ақмая ауылы 2 2569 Ақтоған ауылдық округі Досбол би ауылы 1 1101 Алмалы ауылдық округі Алмалы ауылы 4 2144 Бәйгеқұм ауылдық округі Бәйгеқұм ауылы 1 2224 Бәйтерек ауылдық округі Бидайкөл ауылы 3 4207 Бестам ауылдық округі Бестам ауылы 1 2007 Еңбекші ауылдық округі Еңбекші ауылы 2 1836 Жаңатұрмыс ауылдық округі Байсын ауылы 1 1096 Жиделіарық ауылдық округі Жиделіарық ауылы 1 1013 Жөлек ауылдық округі Жөлек ауылы 2 1706 Жуантөбе ауылдық округі Алғабас ауылы 1 3405 Иіркөл ауылдық округі Ыбырай Жақаев ауылы 2 3714 Керделі ауылдық округі Нартай Бекежанов ауылы 1 2777 Қарғалы ауылдық округі Бұланбай бауы ауылы 1 1235 Қоғалы ауылдық округі Тұрсынбай датқа ауылы 1 1021 Майлытоғай ауылдық округі Майлытоғай ауылы 1 678 Ортақшыл ауылдық округі Ортақшыл ауылы 2 1448 Сұлутөбе ауылдық округі Сұлутөбе ауылы 3 3001 Талаптан ауылдық округі Бала би ауылы 1 3651 Тартоғай ауылдық округі Тартоғай ауылы 4 2167 Телікөл ауылдық округі Әбділда Тәжібаев ауылы 1 1558 Тұран ауылдық округі Шеген Қодаманов ауылы 1 3278 Шиелі кенттік әкімдігі Шиелі кенті 1 35972
Аудан басшылары 1928 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Шушанян Говор Агенесович 1929 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы – Федосов 1940 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Коморов Ефим 1940 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Кенжеғараев Әбен 1941-1945 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Жүгрәлин Ғиззат 1945-1948 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Иманқұлов Иса 1948-1952 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Қаракөзов Көмекбай (керейіт) 1952 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Нұржанов Алпысбай 1952-1954 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Әлжанов Әмзе 1954-1957 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Оспанов Сейдолла 1957-1962 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Әбдікәрімов Исатай 1962-1964 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Сопбеков Байбол 1964-1970 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Мұхамеджанов Ғафур 1970-1983 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Бәйімбетов Орынбасар 1983-1987 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Шаухаманов Сейілбек 1987-1989 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Әбенов Абдолла 1989-1992 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Ахметжанов Машарап 1992-1994 жылы Шиелі ауданының әкімі - Ердешбаев Жолдасбек 1994-1995 жылы Шиелі ауданының әкімі - Әбибуллаев Ибрагим 1995-2000 жылы Шиелі ауданының әкімі - Тұрабаев Жарылқасын 2000-2001 жылы Шиелі ауданының әкімі - Жүсіп Серік 2001-2008 жылы Шиелі ауданының әкімі - Мұстафаев Ерлан Төлегенұлы 2008-2013 жылы Шиелі ауданының әкімі - Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы 2013 - 2014 жылы Шиелі ауданының әкімі - Ергешбаев Мұрат Нәлқожаұлы 2014 жылдың мамыр айынан бастап Шиелі ауданының әкімі - Сәрсенбаев Қайратбек Әубәкірұлы
Бюджет 2011 жылға арналған аудандық бюджет кірісі 5 млрд. 891 млн. 80 мың теңгеге нақтыланып, 2010 жылмен салыстырғанда 3,2 пайызға өсті. Аудандық бюджетке 9 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Аудандық бюджет өз кірісі болжамдалған 1 млрд. 307 млн. 31 мың теңгенің орнына 1 млрд. 347 млн. 520 мың теңге болып 103,1 пайызға жеткен.
Бюджет шығысы 5 млрд. 872 млн. 278 мың теңгеге немесе 99,6 пайызға (болжам 5 млрд. 896 млн 285 мың теңге) орындалды.
Инвестиция Облыс бойынша 2011 жылы 221 млрд. 640 млн теңге инвестициялық қаржы тартылып 85,3 пайызды ғана құраса, жалпы көлемнен аудан үлесі 4.8 пайызды құрап, 124,9 пайызға өскен. Қаржы көлемін тарту көрсеткіші жағынан Қызылорда қаласынан кейінгі деңгейде орын алған.
Негізгі қорға салынған инвестиция көлемінде жергілікті бюджет қаржысы 5,4 пайыз, республикалық бюджет қаржысы 11,6 пайыз, кәсіпорындардың салған меншікті қаражаттары 82,9 пайызды құрады.
Өнеркәсіп саласы 2011 жылы облыс көлемінде өнеркәсіп өндірісінің нақты көлемінің индексі – 100.0 пайызды құраса, есепті кезеңде ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары 16 млрд. 167 млн теңгенің өнімін өндіріп, 100.0 пайызға орындалған яғни, облыстың орташа көрсеткішімен бір деңгейде болып отыр.
Оның ішінде: тау-кен өндірісінде облыс бойынша 99,9 пайызды құраса, ауданда 10 млрд. 436 млн теңгенің өнімі өндіріліп, 106,4 пайызға өскен.
Ауыл шаруашылығы саласы Ауданның ауылшаруашылығы 2011 жылы барлық көрсеткіштер бойынша облыс көлемінде І орын алып жылды қорытындылады. Жыл бойында ауылшаруашылық өнімдерін өндіру ұқсату, өңдеу көрсеткіштерінен облыс рейтингісі бойынша аудан І орынмен қорытындылады.
2011 жылы ауданда 7 млрд. 731 млн. 678 мың теңгенің жалпы ауылшаруашылығы өнімдері өндірілген. 2010 жылмен салыстырғанда өсім 120,6 пайызды құрап, 1 млрд. 318 млн. 891 мың теңгенің өнімі артық өндірілген.
Ауданда өндірілген күріш көлемі есепті кезеңмен салыстырғанда 106,7 пайыз, өңдеу көрсеткіші 100,5 пайыз болып отыр.
Ауданда егін шаруашылығы бойынша 2011 жылы 23967 гектар жерге түрлі ауылшаруашылығы дақылдары орналастырылды. Атап айтқанда, 8400 гектар күріш, 1650 гектар бидай, 233 гектар тары, 160 гектар дәндік жүгері, 249 гектар мақсары, 56 гектар күнбағыс, 1624 гектар картоп, 1857 гектар бақша, 1180 гектар көкөніс егілсе, 2650 гектарға жаңа жоңышқа, 5736 гектарға ескі жоңышқа дақылдары орналасты. Жалпы егіс көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 128 гектарға артық егілді. Оның ішінде күріш дақылының көлемі 64 гектарға артты.
Аудан дихандары 2011 жылы 8400 гектар күріш дақылының әр гектарынан 45,0 центнерден орта өнім жинап 37800 тонна, картоп дақылының әр гектарынан 205,0 центнерден 33292 тонна, көкөністің әр гектарынан 175,0 центнерден 20060 тонна, бақшаның әр гектарынан 200,0 центнерден 37140 тонна өнім алды.