Анжи Махачқала — Ресей Премьер Лигасында ойнайтын Ресей футбол клубы. Махачкала қаласының "Динамо" стадионы клубтың базасы болып табылады.

Тарихы 1991 жылы құрылды. 1997 жылға дейін Ресей екінші лигасында ойнады. 1997 жылы тұңғыш рет бірінші лигада өнер көрсетті.

1999 жылы бірінші лига жеңімпазы атанып, премьер лигаға жолдама алды. Бірақ 2002 жыл қорытындысында бірінші лигаға түсіп қалып, 2010 жылы қайта оралды.

Ресей чемпионаттарындағы ең жоғары нәтижесі 2012/13 жылғы маусымдағы үшінші орын. Ол кезде клуб капитаны әйгілі Самюэль Это'о, жаттықтырушысы Гус Хиддинк болды.

2018/19 жылғы маусым қорытындысында Ресей бірінші дивизионына түсіп кетті.

Жетістіктері

Ресей чемпионаты

3 орын (1): 2012/13

Ресей кубогы

Финалист (2): 2001, 2013

1 лига

Чемпион (2): 1999, 2009 2 орын (1): 2015

Дағыстан чемпионаты

Чемпион (1): 1991

Дағыстан кубогы

Финалист (1): 1992

Дереккөздер

Сiлтемелер

Ресми сайты

Санат:Ресей футбол клубтары