Жақсы Абралы – Үлкен Сарымбет тауларының шығысында 20 км-ге созылып жатыр.
Географиялық орны Абай облысы Жаңасемей ауданы аумағындағы тау. Шығыс етегінде Қайнар ауылы орналасқан. Қарасу өзенінің сол жағасы арқылы өтеді.
Геологиялық құрылымы, жер бедері Силур мен девон жыныстарынан түзілген. Беткейлері құламалы, көптеген сай-жыралармен, құзды жартастармен тілімденген.
Өсімдігі Таудың қызғылт қоңыр топырағында австрия жусаны, салқын жусан, бетеге өседі. Аңғарлар мен сайларында түрлі шөпті бидайықты шалғындар кездеседі.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Жаңасемей ауданы таулары