Жақсы Иманақ – Нұра-Сарысу каналы мен Сарысу өзенінің аралығындағы тау.

Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Жаңаарқа кентінің солтүстік-шығысында 25 км жердегі оқшауланған тау массиві.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 718 м. Батыстан шығысқа қарай 4 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке қарай 2 км-ге созылып жатыр.

Геологиялық құрылымы Орта және жоғарғы тас көмір гранитоидтарынан түзілген.

Өсімдігі Қиыршықтасты сұр, бозғылт қоңыр топырақтарында тобылғы, қараған, жусан, селеу, т.б. өсімдіктер өседі. Жақсы Иманақ тауының баурайы мал жайылымына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Ұлытау ауданы таулары