Жалғызқұдық — Ақмола облысы Целиноград ауданындағы ауыл, Жарлыкөл ауылдық округі орталығы. Іргесі 1961 жылы Красноярский астық кеңшарының орталығы болып қаланған.

Географиялық орны Аудан орталығы – Ақмол ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 41 км-дей, Астана қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 44 км-дей жерде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен19901883 1758 93,4 923 884 95,8 960 874 91

Кәсіпорындары Астық өңдеу және сақтау заводы, наубайхана, тұрмыстық комбинат, т.б. өндіріс орындары жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, мәдениет үйі, 2 балабақша, кітапхана, отбасылық дәрігерлік амбулатория, сауда орталығы бар. Ауыл арқылы Астана – Қорғалжын автомобиль жолы өтеді.

Дереккөздер

Санат:Целиноград ауданы елді мекендері