Жалпақши – Балқаш көлі алабындағы өзен.

Географиялық орны Алматы және Жамбыл облыстары аумағындағы маусымдық өзен.

Бастауы Айтау тауының солтүстік беткейлерінен бастау алып, Жусандала жазығында қарасуларға бөлініп, құмға сіңіп кетеді.

Гидрологиясы Ұзындығы 68 км. Су жиналатын алабы 288 км2. Негізінен жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Бойында Жылқыбай, Ахмет қыстаулары орналасқан. Мал шаруашылығына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Балқаш ауданы өзендері Санат:Шу ауданы өзендері Санат:Балқаш көлі