Жаман — Қостанай облысы Ұзынкөл және Сарыкөл аудандары аралығында Амангелді ауылының шығысында 24 км жердегі көл. Теңіз деңгейінен 165 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Аумағы 7,5 км2, енді жері 3,2 км, жағалауының ұзындығы 11,5 км. Пішіні шар тәрізді, суы қараша айында қатып, сәуір айында ериді. Негізінен қар және жер асты суларымен толысады.

Жағалау сипаты Жанында Камышевое, Шошқалы, Жақсы Жаркөл көлдері бар. Жағалауы сазды, лайлы батпақты, қамыс, құрақ аллювийлі-көлді жазығындағы сортаңды қара топырақ жамылғысында бетеге, боз, селеу, жусан, қайыңдар өседі.

Санат:Ұзынкөл ауданы көлдері Санат:Сарыкөл ауданы көлдері Санат:Есіл су алабы