Жамантұз — Есіл алабындағы көл. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы жерінде.

Шағалалы өзенінің салалық аңғарының сол жағында, теңіз деңгейінен 123,2 м биіктікте жатыр. Аумағы 29,6 км², ұзындығы 16,5 км, енді жері 6,4 км. Жағалау бойының ұзындығы 20 км. Жауын-шашын және жер асты суларымен толысады. Көктемде іргелес Кішкенесор көлімен ұласып кетеді. Жағасы жайпақ, оңтүстік жағы батпақты, солтүстік жағы кемерлі. Қараша – сәуір айлары аралығында мұзы қатады. Суы тұзды. Көктемде мал ішуге жарамды. Алабы шабындық, жайылым ретінде пайдаланылады.‎

Санат:Есіл су алабы көлдері Санат:Тайынша ауданы көлдері