Жартас сәбізшөбі () – шатыршагүлділер тұқымдасы, сәбізшөп туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда Жетісу Алатауында, Шолақ тауындағы Талдысай, Қызылауыз сайларында кездеседі. Биіктігі 30 см, кіндік тамырлы өсімдік. Сабағы жіңішке, орта тұсынан бұтақтана бастайды. Тамырдан шығатын және сабақтың төменгі жағындағы жапырақтардың сағағы ұзын, жіңішке, үш рет қауырсынды тілімденген, ал сабақ бойындағыларының сағақтары қысқа болады. Гүл желектері жасыл, ұшына қарай қызыл түсті келеді. 4 – 6 сәулелі шатырша гүлшоғырына топталған. Тұқымынан көбейеді. Мамыр айында гүлдеп, маусымда жемістенеді. Жемісінің пішіні сопақша, сырты бұдырлы. Жартас сәбізшөбі өте сирек кездесетін эндемик өсімдік болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген."Қазақ Энциклопедиясы"

Дереккөздер

Санат:Шатыршагүлділер