Жас Гвардия шыңы – Іле Алатауындағы Кіші Алматы сілемінің оңтүстік бөлігіндегі шың. Үлкен Алматы және Талғар өзендері алабын бөліп тұрады.

Жер бедері Биіктігі 4395 метр, пирамида тәрізді. Шыңның солтүстік-батыс беткейінде Тимофеев, шығыс беткейінде Жас Гвардия мұздықтары жатыр. Шың басына 1944 жылы В.Неаронский мен Б.Шнайдер шыққан.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қазақстан шыңдары Санат:Іле Алатауы