Желдібел – Шу-Іле тауларының солтүстік-шығысында оқшауланған тау массиві.
Географиялық орны Жамбыл облысы Қордай ауданы Алаайғыр темір жол бекетінен солтүстік-шығысқа қарай 32,5 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1015 м. Қопа аңғарындағы Ақкөл және Қопалы өзендері аралығында.
Өсімдігі Тауалдының сұр топырағында жусан аралас эфемерлі өсімдіктер басым. Оңтүстігінен Шу – Отар темір жолы өтеді."Қазақ энциклопедиясы"
Дереккөздер
Санат:Қордай ауданы таулары