Желтау – Шу-Іле тауларының солтүстік-батысындағы таулы қырат.
Географиялық орны Жамбыл облысының Мойынқұм ауданы жерінде орналасқан.
Жер бедері Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 145-150 км-ге созылған. Ең биік жері Суықадыр тауы (599 м). Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 220 мм.
Геологиялық құрылымы Кембрийге дейінгі метаморфтанған жыныстардан, гнейс және эффузивтерден түзілген.
Өсімдігі Сұр, сортаң топырағында таудың астық тұқымдас әр түрлі шөптері (бетеге, селеу, айрауық, сұр жусан, бұйырғын, баялыш, күйреуік, тобылғы) өседі. Желтау баурайы жайылым ретінде пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы,3 том
Дереккөздер
Санат:Мойынқұм ауданы таулары