Жиделі – Сырдария алабындағы өзен.
Географиялық орны Қызылорда облысы Шиелі ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 72 км, су жиналатын алабы 728 км2.
Бастауы Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейіндегі бұлақтардан басталып, Нарбайтам ауылының шығысында Сырдарияға 1 км-дей жетпей тартылып қалады.
Гидрологиясы Арнасы жоғарғы, орта ағысында тар, тік жарлы, төменгі ағысында кең. Қар, жауын-шашын суларымен толығады. Суы ауыл шаруашылығына пайдаланылады. "Қазақ энциклопедиясы"
Дереккөздер
Санат:Сырдария су алабы Санат:Шиелі ауданы өзендері