Жоғарғы Соқыр қоңыр көмір кен орны – Қарағанды қаласынан шығысқа қарай 30 км қашықтықта, Қарағанды көмір алабында орналасқан.
Геологиялық құрылымы Кен орналасқан Жоғарғы Соқыр синклиналі юра кезеңінің тау жыныстарынан (аргиллит, алевролит, құмтас, конгломерат) түзілген.
Жатыс сипаты, құрамы Жалпы қалыңдығы 900 м. Көмірлі горизонт бес көмір қабатынан тұрады, олардың жалпы қалыңдығы 27,6 м. Көмір қабаттарының құрылысы күрделі, таралымы тұрақсыз. Көмірі күшті метаморфталған, маркасы 3Б, ылғалдылығы 15 – 21%, күлділігі 13 – 21%, күкірті аз (0,5 – 0,8%), қызулығы 6,7 – 7,1 мың ккал/кг. Көмірдің барланған жалпы қоры 2,15 млрд. т, оның 898 млн. тоннасын ашық әдіспен алуға болады, көмір жергілікті отын ретінде пайдаланылады. АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Қарағанды облысы кен орындары Санат:Қазақстан көмір кен орындары