Жосалысор – Торғай өзені алабында тұзды тұйық көл.

Географиялық орны Қостанай облысы Жангелді ауданында орналасқан Көкалат ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 30 км жерде, теңіз деңгейінен 123 м биіктікте.

Гидрографикасы Аумағы 5,9 км2, ұзындығы 4,5 км, енді жері 2,2 км, жағалауының ұзындығы 14,6 км. Қарашаның соңында суы қатып, сәуірде ери бастайды. Маңында бірнеше құдықтар кездеседі. Суы ащы, сілтілігі жоғары. Шаруашылыққа жарамсыз.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Торғай су алабы Санат:Жангелді ауданы көлдері