Жұмыршөп, пикномон () – астралылар тұқымдасына жататын бір не екі жылдық шөптесін монотипті өсімдіктер туысы. Қазақстанда Батыс Тянь-Шаньның тасты беткейлерінде, жол, арық бойларында өсетін 1 түрі – тікенді жұмыршөп (Р. аcarna) бар. Биіктігі 15 – 40 см, сабақтары тік, қырлы бұтақтанған. Жапырақтары тікенді, жиегі тілімденген, өркенге қарама-қарсы орналасады. Гүлдері қызғылт түсті, сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Шілде – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Тұқымы ұсақ, ұзындығы 4 – 5 мм. "Қазақ Энциклопедиясы"
Дереккөздер
Санат:Күрделігүлділер Санат:Монотипті өсімдіктер