Каменные ворота, Тасқақпа – Сайқан жотасының қиыр шығысындағы асу.
Географиялық орны Қазақстан (Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы) мен Қытай шекарасы аралығында орналасқан.
Жер бедері Теңіз деңгейінен 1469 м биіктікте. Шығыс етегіндегі шатқалдан Ұласты өзені ағып өтеді. Асудан салт атты адам наурыз – қазан айларында өте алады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Шығыс Қазақстан облысы асулары Санат:Қытай асулары