Келтекол – Малайдаркөл көлінің шығысындағы көл.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құйылыс ауылының солтүстігінде 16 км жерде орналасқан. Торғай өзені алабында. Теңіз деңгейінен 90 м биіктікте.

Гидрографикасы, сипаты Аумағы 5,3 км2, ұзындығы 8,1 км, енді жері 1,2 км, жағалау бойының ұзындығы 18,7 км. Торғай өзенінің суымен толысады. Жағалауы жайпақ. Қараша айында суы қатып, наурызда ериді. Суы тұзды, кермек, сілтілігі төмен. Жақын маңайдағы шаруашылықтар пайдаланады. Топырағында қамыс пен сор өсімдіктері өседі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Ырғыз ауданы көлдерi