Керуенкөл – Шар өзені алабындағы тұзды тұйық көл. Теңіз деңгейінен 235 м биіктікте.

Географиялық орны Абай облысы Жаңасемей ауданы, Бұлақ ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 18 км жерде орналасқан.

Гидрографикасы Аумағы 5,5 км2, ұзындығы 4,1 км, енді жері 2 км. Жағалау бойының ұзындығы 10,8 км, су жиналатын алабы 227 км2, ең терең жері 0,5 м. Пішіні доға тәрізді келген. Жағасы жайпақ. Көл көбінесе жауын-шашын суымен толысады. Қарашаның аяғында суы қатып, наурыздың аяғында ериді. Жағалауы мал жайылымына пайдаланылады. Батысынан Түрксіб темір жолы өтеді.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Жаңасемей ауданы көлдерi Санат:Балқаш су алабы