Көкдомбақ – Сарықұм құмының солтүстік-шығыс бөлігіндегі тұзды тұйық көл.
Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Көкдомбақ темір жол бекетінің солтүстік-батысында 10 км жерде орналасқан. Балқаш көлінің алабында. Теңіз деңгейінен 419 м биіктікте.
Гидрографикасы Аумағы 3,4 км2, ұзындығы 4 км, енді жері 1,3 км, жағалау бойының ұзындығы 8,9 км. Айдыны көктемгі еріген қар және жер асты суларымен толысып, жазда тартылып, сор батпаққа айналады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Палодар облысы көлдері Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) көлдері Санат:Балқаш көлі