Иосиф Виссарионович Сталин (шын тегі — Джугашвили, ; 6(18) желтоқсан 1878 ж.(ресми түрде 9(21)желтоқсан 1879), Гори, Тифлис губерниясы, Ресей империясы — 5 наурыз 1953 ж., Кунцев ауданы, Мәскеу облысы, РКФСР, КСРО) — орыстың революциялық, кеңестік саяси, мемлекеттік, әскери және партия жетекшісі, 1922 жылдың 3 сәуірінен 1934 жылдың 10 ақпанына дейін бас хатшы болды, кейін — Бүкілодақтық коммунистік большевиктер партиясы Орталық Комитетінің хатшысы (1952 жылдан — КОКП), Кеңес Одағының Маршалы, Кеңес Одағының генералиссимосы. КСРО Қорғаныс халық комиссары (1941 ж. 19 шілдеден), КСРО Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы және КСРО Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы.

Өмірбаяны

Балалық шағы нобай|оңға|Жасөспірім Сосо (содан кейін Коба, Иосиф Сталин деген лақып ат қойып өзіне қойған). 1893 жыл Иосиф Виссарионович Джугашвили грузияның Гори қаласында (1801 жылы Ресей қосқан аймақ) 1878 жылы 6 желтоқсанда Юлиан күнтізбесі бойынша дүниеге келді; Ол 1878 жылғы 18 желтоқсанға өзгертілетін қазіргі күнтізбені қолдана отырып, ол өзінің «ресми туған күнін» 1879 жылы 21 желтоқсан деп жариялады. Ол Екатерина Георгиевна Геадзе (Кеке) және Виссарион (Бесо) Джугашвили, төрт баланың үшінші ұлы болды, бірақ ол нәресте кезінен аман қалды.thumb|200px |right 1894 жылы Тбилисидегі православиялық діни семинарияға оқуға түскен. Онда оқи жүріп, құпия үйірменің жұмысына ат салысып, “Месамедаси” (үшінші топ) атты грузин социал-демокр. ұйымына мүше болып кірді.

Саясат жолында нобай|оңға|Жас Коба Джугажвили. 1902 год. 1899 жылы саяси қызметі үшін семинариядан шығарылып, біржола төңкерісшілдік жолға түсті. 1901 жылы РСДЖП-ға мүшелікке өтті. “Коба” деген лақап атты иемденді. Астыртын қызмет барысында бірнеше рет тұтқынға алынып, Шығыс Сібірге жер аударылды. 1912 жылдан РСДЖП-ның ОК-не мүшелікке сайланды.

1906 жылы - "Анархизм немесе социализм?" атты мақалалар сериясы жарық көреді.

1912 – 13 жылы Санкт-Петербургте жұмыс істей жүріп, “Звезда” және “Правда” газеттерінің жұмысына белсенді ат салысты. Осы кезде “Марксизм және ұлт мәселесі” деген еңбегін жазды.

1913 жылы ақпанда тағы да тұтқындалып, Турухан өлкесіне жер аударылды. Айдаудан 1917 жылғы Ақпан революциянан кейін оралып, РСДЖП-ның ОК бюросының құрамына және “Правда” газеті редакциясына енді. Қазан төңкерісін әзірлеуге және оны жүзеге асыруға қатысты. Кеңестердің Бүкілресейлік 2-съезінде (8.11. 1917) Ұлт істері халкомы (1917 – 22) ретінде алғашқы кеңес өкіметінің құрамына сайланды.

1917 жылы - Орталық атақарушы комитетке мүше болып сайланады. 1919 – 22 жылы Мемлекеттік бақылау халкомы міндетін қоса атқарды. Азамат соғысы (1918 – 20) кезінде Оңт., Батыс және Оңтүстік-Батыс майдандарының революция әскери куаттінің мүшесі болды. нобай|оңға|Ленинмен Горкиде. 1922 жыл, Горки. 1922 жылы - Надежда Аллилуеваға үйленеді.

Билік 1922 жылы сәуірде РК(б)П ОК Пленумы Сталинді ОК-нің Бас хатшысы етіп сайлады. КСРО-ны құруға белсене қатысты. Алғашқы кезде “автономияландыру” (бүкіл республикалардың РКФСР-ге автономия құрастурықығында енуі) жобасын ұсынды. Ленин өмірінің соңғы жылдарында бар билікті қолына топтастыруға талпынған Сталиннің жеке басына сенімсіздік танытты. Ол Кеңестердің Бүкілодақтық 1-съезіне (1922 жылы желтоқсан) жолдаған хатында Сталинді орнынан ауыстыру жөнінде ойластыруды ұсынды. Алайда РК(б)П-ның 13-съезі (1924 жылы мамыр) Сталинді Бас хатшы етіп қалдыруды ұйғарды.

Сталиннің басшылығымен ауыл шаруашылығын коллективтендіру қолға алынып, байлар мен кулактарды тап ретінде жою саясаты жүзеге асырылды (қ. Кәмпескелеу). Бұл халық арасында жасанды ашаршылық пен босқыншылықты туғызып, ауыл шаруашылығын коллективтендіруге қарсы шаруалар қозғалысының өрістеуіне алып келді. Сталин елде қуғын-сүргін саясатын жүргізіп, тоталитарлық жүйені қалыптастырды. Ұлттық интеллигенция өкілдерін “халық жаулары” ретінде қуғындауды күшейтті. “Халық жаулары” жазасын өтейтін лагерлердің санын арттырды (қ. ГУЛАГ). Одақтас республикалар мен ұлттық автономияларды саяси және экономикалық биліктен айырып, Кремльге тәуелді етті. Ол гитлерлік Германияның КСРО-ға соғыс ашу мерзімін бағалауда қателік жіберді. 2-дүниежүзүлік соғыс жылдарында КСРО Қорғаныс халкомы, КСРО Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы болып тағайындалды. Кеңес Одағының басшысы ретінде үш держава – КСРО, АҚШ, Ұлыбритания басшыларының Тегеран (1943), Қырым (1945) және Потсдам (1945) конференцияларына қатысты.

Соғыстан кейінгі кезеңде жеке басқа табыну қарқыны онан әрі өрістеді. Сыртқы саясат саласында Батыс елдерімен ымыраға келуден бас тартып, қырғи қабақ соғыстың басталуына ықпал етті. Оның жаппай қырып-жою қаруын жасау мақсатының нәтижесінде Семей полигоны дүниеге келді. КОКП-ның 1956 жылы өткен 20-съезі Сталиннің жеке басына табынушылықты сынға алды. Сталин 3 рет Ленин орденімен, 2 рет “Жеңіс” орденімен, Социалистік Еңбек Ері (1939) және Кеңес Одағының Батыры (1945) атағымен марапатталған. Мәскеудегі Қызыл алаңға жерленген.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Такер Р., Сталин, Путь к власти, М., 1997; Громов Е., Сталин, Искусство и власть, М., 2004; Карпов В., Генералиссимус. Кн. 1 – 2., Калининград, 2004; Жуков Ю., Сталин, Тайны власти, М., 2005; Жуков Ю., Иной Сталин, М., 2005.

Санат:18 желтоқсанда туғандар Санат:Гориде туғандар Санат:5 наурызда қайтыс болғандар Санат:Мәскеу облысында қайтыс болғандар Санат:КОКП ОК бас хатшылары Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:Ленин кесенесінде жерленгендер Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Жеңіс орденінің иегерлері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Қызыл Ту орденінің иегерлері Санат:I дәрежелі Суворов орденінің иегерлері Санат:Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскерінің XX жылдығы медалінің иегерлері Санат:Мәскеуді қорғағаны үшін медалінің иегерлері Санат:1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін медалінің иегерлері Санат:Жапонияны жеңгені үшін медалінің иегерлері Санат:МХР батырлары Санат:Республика орденінің (Тува Халық Республикасы) иегерлері Санат:Сухэ-Батор орденінің иегерлері Санат:Жапонияны жеңгені үшін медалінің (МХР) иегерлері Санат:Моңғол Халық Республикасына 25 жыл медалінің иегерлері Санат:1 дәрежелі Ақ арыстан орденінің (ЧССР) иегерлері Санат:Жеңіс үшін Ақ арыстан орденінің иегерлері Санат:1939 Әскери крестінің (Чехословакия) иегерлері Санат:Тайм журналы нұсқасы бойынша Жыл адамдары Санат:Иосиф Сталин Санат:Большевиктер Санат:Лениншілдер Санат:Марксизм теоретиктері Санат:Генералиссимустар Санат:КСРО қорғаныс халық комиссарлары Санат:КСРО қарулы күштері министрлері Санат:Бүкілресейлік кеңестердің I съезінің (1917) делегаттары Санат:Бүкілодақтық кеңестердің I съезінің делегаттары Санат:Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушы - елдер көшбасшылары Санат:Лақап есімімен танымал саясаткерлер Санат:Кремль қабырғасындағы зиратқа жерленгендер Санат:КСРО Ғылым Академиясының құрметті мүшелері Санат:КСРО министрлері кеңесінің төрағалары Санат:КСРО халық комиссарлары кеңесінің төарғалары Санат:Грузия революционерлері Санат:Ұлы Отан соғысындағы қолбасылары Санат:Ресейдегі Азаматтық соғысқа қатысушылар Санат:РКФСР жұмысшы-шаруа инспекциясы халық комиссарлары Санат:КОКП ОК Саяси бюросы мүшелері Санат:РСДЖП ОК мүшелері Санат:КСРО қорғаныс халық комиссариаты жанындағы Әскери кеңес мүшелері Санат:Бүкілресейлік құрылтай жиналысы мүшелері Санат:БОАК мүшелері Санат:БОАК Төралқасы мүшелері Санат:КСРО ОАК мүшелері Санат:КСРО ОАК Төралқасы мүшелері Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 2-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 3-шақырылымының депутаттары Санат:Башқұрт АКСР Жоғарғы Кеңесінің 1-шақырылымының депутаттары Санат:Башқұрт АКСР Жоғарғы Кеңесінің 2-шақырылымының депутаттары Санат:Башқұрт АКСР Жоғарғы Кеңесінің 3-шақырылымының депутаттары Санат:Карель АКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттары Санат:БК(б)П ОК Ұйымдастыру бюросы мүшелері Санат:РКФСР халық комиссарлары Санат:Бұхар КСР Қызыл Жұлдызы орденінің иегерлері Санат:Сольвычегодскке жер аударылғандар Санат:Вологдаға жер аударылғандар Санат:Вологда губерниясына жер аударылғандар Санат:РКФСР Жоғарғы Кеңесінің 1-шақырылымының депутаттары Санат:РКФСР Жоғарғы Кеңесінің 2-шақырылымының депутаттары Санат:РКФСР Жоғарғы Кеңесінің 3-шақырылымының депутаттары Санат:Инсульттан қайтыс болғандар Санат:Қайта жерленгендер Санат:РСДЖП IV съезінің делегаттары Санат:РСДЖП V съезінің делегаттары Санат:РСДЖ(б)П VI съезінің делегаттары Санат:РК(б)П VII съезінің делегаттары Санат:РК(б)П VIII съезінің делегаттары Санат:РК(б)П IX съезінің делегаттары Санат:РК(б)П X съезінің делегаттары Санат:РК(б)П XI съезінің делегаттары Санат:РК(б)П XII съезінің делегаттары Санат:РК(б)П XIII съезінің делегаттары Санат:БК(б)П XIV съезінің делегаттары Санат:БК(б)П XV съезінің делегаттары Санат:БК(б)П XVI съезінің делегаттары Санат:БК(б)П XVII съезінің делегаттары Санат:БК(б)П XVIII съезінің делегаттары Санат:КОКП XIX съезінің делегаттары Санат:Жаза кесілген орыннан қашқандар Санат:Турухан өлкесіне жер аударылғандар Санат:Нарымға жер аударылғандар Санат:Грузин КСР Жоғарғы Кеңесінің 2-шақырылымының депутаттары Санат:Өлім себебі анықталмағандар Санат:Пошта маркаларындағы тұлғалар Санат:Латвия КСР Жоғарғы Кеңесінің 2-шақырылымының депутаттары Санат:Украин КСР Жоғарғы Кеңесінің 1-шақырылымының депутаттары Санат:Ресей революционерлері