Көксу ауданы — Жетісу облысының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлініс. Аудан орталығы – Балпық би.
Географиялық орны Аудан солтүстігінде Қаратал ауданымен, шығысында Ескелді ауданымен, оңтүстігінде Кербұлақ ауданымен, батысында Алматы облысының Балқаш ауданымен шектеседі.
Жер бедері Ауданның шығыс, оңтүстік-шығыс бөлігі таулы-қыратты. Оңтүстік-шығысында Шаған тауы, шығысында Албасу (Лабасы), Қызылауыз, Сарыбастау, Жуантөбе, оңтүстігінде Ашудасты, Достар, Ақшоқы таулары, батыс бөлігінде Көкшиелі жотасы орналасқан. Батысын Мойынқұм, Аралқұм, Жетіжал құмдары алып жатыр. Ауданның ең биік жері Шаған тауларында (2551 м). Кен байлықтарынан Желдіқара кен орнында алтын және күміс кендерінің қоры барланған, сондай-ақ құрылыс материалдарының қоры бар.
Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі Көксу ауданының климаты тым континенттік, қысы біршама суық, жазы ыстық. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы –9 – 11°С, қыс айларының кейбір күндерінде ауа температурасы –35°С-қа дейін төмендейді. Шілде айының жылдық орташа температурасы 22 – 24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері жазық өңірлерде 150 – 250 мм, шығысындағы таулы өңірлерде 400 – 550 мм. Аудан жерімен Көксу, Быжы, Қарасу, Мұқыр өзендері ағып өтеді. Батысының топырағы сұр, құмдақты сұр, сортаң, орталық бөлігінде қоңыр, қызғылт қоңыр, тау өңірлерінде қара қоңыр, қара топырақтар таралған. Жазық және құмды өңірде эфемерлі өсімдіктер, жусан, ши, ақ сексеуіл, теріскен, сүттіген, бұйырғын, баялыш, жүзгін, тау бөктерлері мен өзен аңғарында итмұрын, тобылғы, долана, тал, жабайы алма, тау шатқалдарында терек, шырша, қарағаш, т.б. өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, елік, жабайы шошқа, шиебөрі, суыр, сарышұнақ, қосаяқ, құстардан кекілік, бұлдырық, бүркіт, қырғауыл, дуадақ, шіл, бозторғай, бөдене, т.б. кездеседі.
Шаруашылығы Аудандағы ірі өнеркәсіп кәсіпорны – «Көксу-Шекер» АҚ қант зауыты. Ауыл шаруашылығына жарамды жерінің жалпы аумағы 638,2 мың га (2008), оның ішінде жыртылған жері 29,8 мың га, шабындығы 9,3 мың га, жайылымдары 600 мың га. Өсімдік шаруашылығында астық дақылдары басым (13,3 мың га).
Халқы 1959 1970 1979 1989Ресей империясы, КСРО халық санақтары 1999 2009ҚР халық санақтары 2021 35560 49132 45671 44897 40105 38417 41898 Аудан халқының саны 41 578 адам (2019), ұлттық құрамы: қазақтар (82,18%), орыстар (10,65%), ұйғырлар (0,49%), әзербайжандар (3,22%), татарлар (0,91%), шешендер (0,38%), немістер (0,44%), корейлер (0,95%), басқалары (0,78%).
Әкімшілік бөлінісі Аудандағы 34 елді мекен 10 ауылдық округке біріктірілген:
+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен Айнабұлақ ауылдық округі 1139 1081 94,9 554 564 101,8 585 517 88,4 Алғабас ауылдық округі 2071 1915 92,5 1031 973 94,4 1040 942 90,6 Балпық ауылдық округі 14520 18692 128,7 6965 9113 130,8 7555 9579 126,8 Еңбекші ауылдық округі 3151 2965 94,1 1605 1497 93,3 1546 1468 95 Жарлыөзек ауылдық округі 2384 2526 106 1225 1274 104 1159 1252 108 Қабылиса ауылдық округі 1199 1295 108 603 660 109,5 596 635 106,5 Лабасы ауылдық округі 5333 5065 95 2668 2559 95,9 2665 2506 94 Мұқаншы ауылдық округі 3936 3774 95,9 1959 1887 96,3 1977 1887 95,4 Мұқыры ауылдық округі 3040 2914 95,9 1529 1486 97,2 1511 1428 94,5 Мұсабек ауылдық округі 1644 1671 101,6 869 896 103,1 775 775 100 ЖАЛПЫ САНЫ38417 41898 109,1 19008 20909 110 19409 20989 108,1
Дереккөздер
Санат:Көксу ауданы