Көктас – Нұра және Сарысу өзендерінің аңғарындағы шоқы.
Географиялық орны Қарағанды облысы Абай ауданы Есенгелді ауылының оңтүстігінде 32 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 564 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 3 км-ге созылып жатыр, енді жері 1,5 км.
Жер бедері Тіктеу келген беткейлері етегіне қарай жайпақталып жазыққа ұласады. Солтүстігінде Балықты көлі мен Кеңсай қыстауы, батысында Ақтасты шоқысы, оңтүстігінде Ақшоқы шоқысы орналасқан. Шығысынан Ертіс-Қарағанды каналы өтеді.
Геологиялық құрылымы Силур жүйесінің жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Тауалдының қоңыр топырағында боз, селеу, бетеге, жусан, бұталар өседі.Қазақ Энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Абай ауданы (Қарағанды облысы) таулары