Көңсары – Қалба жотасының солтүстік-батысындағы тау сілемі.

Географиялық орны Абай облысы Жарма ауданы Суықбұлақ ауылының солтүстік-шығысында 16 км жерде орналасқан. Шар өзені аңғарында.

Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 586 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 5 км-ге созылып жатыр, енді жері 3 км.

Геологиялық құрылымы Палеозойдың тақтатас, құмтас және интрузивті жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Беткейіндегі қызғылт қоңыр, қара топырағында далаға тән өсімдіктер мен терек, бұталар өседі. Етегінде өзімен аттас қыстау бар. Мал жайылымына қолайлы.‎Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Жарма ауданы таулары