Күмістікөл – Есіл алабындағы ағынсыз көл.

Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданында, Терісаққан өзенінің саласы – Бала Терісаққанның жоғарғы ағысының оң жағалауында, Қоскөл ауылынан солтүстікке қарай 3 км жерде орналасқан.

Гидрографикасы Ауданы 10,5 км2, су жиналатын алабы 130 км2. Ұзындығы 4,7 км, енді жері 3 км-ге жетеді, орташа тереңдігі 0,6 м. Қар, жер асты суларымен толығады. Суы жаздың ыстық айларында кермек татиды. Жағасында қамыс, құрақ өседі. Мал суаруға, жайылымдарды суландыруға қолайлы.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5‎

Дереккөздер

Санат:Ұлытау ауданы көлдері Санат:Есіл су алабы