Кішітау – Ұлытау жотасының оңтүстік-батысындағы тау.
Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданының орта тұсында, Дулығалы Жыланшық өзенінің бастауында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 793 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 10-12 км-ге созылып жатыр, ені 6- 8 км.
Геологиялық құрылымы Протерозой жыныстарынан түзілген.
Жер бедері Тау басы тегіс, көлбеу беткейлері қорымтасты. Кішітаудан батысқа қарай Дулығалы жыланшық, оңтүстікке қарай Қумола, шығысқа қарай Жезді өзендері бастау алады.
Өсімдігі Беткейлеріндегі аласатаулық сұр топырағында қара жусан, көкпек өседі. Баурайы мал жайылымына қолайлы.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ұлытау ауданы таулары