Әскери патриоттық тәрбие - жауынгерлердің әскери қызметін отеуге қажетті қасиеттерін қалыптастыру және соғыс қиыншылықтарына төзіп, дұшпанды жеңіп шығуға дайындығын, қабілеттілігін арттыру мақсатында олардың рухани және тұлға жағынан дамып, жетілуіне жүйелі әрі нысаналы түрде ықпал ету үрдісі. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде Әскери патриоттық тәрбие жауынгерлердің бойына жоғары имандылық-жауынгерлік қасиеттерді, әскери моральдық рухты сіңіруге бағытталған. Ол ҚР Конституциясының, Президенттің - ҚР Қарулы Күштерінің Бас қолбасшының әскери мәселелер жөніндегі шешімдерінің, Әскери ант пен Әскери жарғы талаптарының негізінде жүзеге асады. Әскери патриоттық тәрбиенің мән-мазмұны - өз Отанына адалдық, сүйіспеншілік және өзге халықтарға достық сезімдерін қалыптастыру болып табылады. 2007 жылғы 21 наурызда ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстанның жаңа Әскери доктринасындағы маңызды көзқарастар жүйесінің бірінде: ҚР азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2009 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы идеологиялық жұмысты жандандыру керектігі айқын көрсетілген.Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х

Дереккөздер

Санат: Әскери іс