Қазақсай – Іле алабындағы өзен.

Географиялық орны Алматы облысы Ұйғыр ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 51 км, су жиналатын алабы 620 км2.

Бастауы Бастауын Кетпен (Ұзынқара) жотасының батыс бөлігінің солтүстік беткейіндегі бұлақтардан алып, Шонжы ауылына 2 км жетпей тартылып қалады.

Гидрологиясы Жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. Су деңгейі сәуірдің 2-жартысынан шілдеге дейін көтеріледі. Ең көп су ағымы 216 м3/с. Суы бау-бақша суғаруға пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Іле су алабы Санат:Ұйғыр ауданы өзендері