Қазан – Көксу өзенінің алабындағы өзен.
Географиялық орны Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы өзен. Ұзындығы 45 км.
Бастауы Бастауын Жетісу Алатауындағы Тоқсанбай, Қоңыроба тауларындағы мұздықтарының оңтүстігінен алып, Айыркезең асуының тұсында Қараарық өзеніне құяды.
Гидрологиясы Жоғарғы ағысында тар шатқалдармен ағады. Арнасының жағасы тік, биіктігі 4-10 м-ге жетеді. Су жайылмасының ені 25 – 30 м. Ағысы қатты, суы мол. Өзен суы жайылымдарды суландыруға пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Балқаш су алабы Санат:Кербұлақ ауданы өзендері