Қайрақкөл, Қырықкөл – Жетісу Алатауының сол сілеміндегі тау.

Географиялық орны Жетісу облысы Ақсу мен Сарқан аудандарының шекарасында орналасқан. Сарқан және Ақсу өзендерінің аралығында. Абсолюттік биіктігі 2201 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 32 км-ге созылған, енді жері 12-14 км шамасында.

Жер бедері Солтүстік мен шығыс беткейлері тік жарқабақты, оңтүстік көлбеу бөлігін өзен салалары тілімдеген. Солтүстік-батысында таудың жартастары жалаңаштанып, эрозиялық процестерге ұшыраған.

Геологиялық құрылымы Палеозойдың метаморфты тақтатасы мен палеоген шөгінділерінен түзілген.

Өсімдігі Қызғылт қоңыр, қара топырақты далалық-орманды белдемінде селеулі-бетегелі шалғын, итмұрын, т.б. жеміс ағаштары өседі. Баурайы мал жайылымына қолайлы.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Ақсу ауданы таулары Санат:Сарқан ауданы таулары Санат:Жетісу Алатауы