Қайыңды — Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы ауыл, Қайыңды ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Құлан ауылынан батысқа қарай 63 км-дей жерде, боз жусан, баялыш, күйреуік, т.б. шөптесін өскен шалғынды сұр топырақты шөлейт белдемде орналасқан.

Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1080 1138 105,4 544 581 106,8 536 557 103,9

Тарихы 1977–1997 жылдары қой өсіретін «Мақпал» кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде Қайыңдыда «Мақпал» ӨК және бірнеше ЖШС ұйымдастырылды.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.

Дереккөздер

Санат:Тұрар Рысқұлов ауданы елді мекендері