Қалмас – Соналы өзенінің оң жағалауындағы тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы Соналы ауылының оңтүстік-шығысында 12 км жерде орналасқан.
Геологиялық құрылымы Тас көмір жыныстарынан түзілген.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 460 м. Ұзындығы мен ені 4-5 км. Беткейлері тіктеу, аз тілімденген.
Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырағында қара жусан, бұйырғын өседі.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Нұра ауданы таулары