Қарабұжыр – Желдіадыр тауларының солтүстік-шығысындағы тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы Шұбаркөл кентінің солтүстік-батысында 58 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 592 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта шамамен 7 км-ге созылған, енді жері 5 км. Беткейі көлбеу, солтүстік, оңтүстік бөктеріндегі таудың түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Қарабұжыр тауының баурайындағы бұлақтардан Керей өзенінің салалары Барақбай, т.б. бастау алады.
Өсімдігі Карбонатты бозғылт қоңыр топырағында бетеге, селеу, боз, жусан, аңғарларда тал, көктерек, қараған аралас бұта өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Нұра ауданы таулары