Айғыржал – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының шығыс шетін ала Егіндібұлақ ауылының шығысына қарай 50 км жерде орналасқан тау. Абсолюттiк биіктігі 761 м. Ұзындығы 2 км, енді жері 1 км.

Жер бедері, геологиясы Солтүстік беткейі тік, түпкі жыныстары жалаңаштанған тас көмір дәуірінің гранитоидтарынан түзілген.

Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырағында бетеге, қызғылт көде өседі, шоқ-шоқ қараған кездеседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы таулары