Айнакөл – Қостанай облысы Жангелді ауданындағы көл. Торғай өзенінің оң жағалық жайылмасында, Ақшығанақ ауылының оңтүстік-батысында 18 км жерде орналасқан.

Гидрографикасы Көлдің аумағы 4,3 км2, ұзындығы 2,8 км, ені 2,0 км, жағалау бойының ұзындығы 8,4 км. Жағалауының біраз бөлігін қамыс басқан. Торғай өзенінің бір тармағы арқылы Айнакөл көлі өзенмен байланысады. Жағалауы мен аңғары шабындыққа пайдаланылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Жангелді ауданы көлдері Санат:Торғай су алабы