Ақбейіт алтын кені – Ақмола облысы, Астрахан ауданында Жалтыр темір жол станциясынан шығысқа қарай 12 км жерде орналасқан. 1933 жылы геолог А.К. Комиссаров ашқан. Қорының шектеулігінен онда ірі тау-кен өндірісі ұйымдастырылмаған, кенді негізінен жеке артельдер өндірді. Кен орны қойнауынан 10 тоннадан астам алтын алынған.
Геологиялық құрылымы Ақбейіт алтын кені кварц-желілі кендерге жатады, ол ордовиктің жанартаутекті-шөгінді жыныстарының және шток пішінді диорит интрузивтерінің ішінде жатыр.
Жатыс сипаты Кен денелерінің ұзындығы ондаған метрден 300-500 м-ге дейін жетеді, қалыңдығы 0,3-0,5 м болады. Жер асты қазбалары кварцты желілерді 120 м тереңдікке бойлайды. Алтын негізінен микронмен өлшенетін ұнтақ түрінде ғана таралған. Ұсақ түйір, жұқа қабыршақ түрінде көзге көрінетін алтын сирек кездеседі. Балансты кентастардағы алтынның орташа мөлшері32,3 г/т.
Минералдары Ақбейіт алтын кенінде алтыннан басқа пирит, халькопирит, арсенопирит, сфалерит, галенит, висмут, электрум, таза күміс кездеседі. Олардың кендегі жалпы мөлшері 3-5%-ға дейін.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Ақмола облысы кен орындары Санат:Қазақстан алтын кен орындары