Аққоңырдаң Қазақ Энциклопедиясы – 1) Солтүстік Үстірттің Қаратүйе тауы етегіндегі ойпаң. Ұзындығы 1 км-ге жуық. Көктем, күз айларында жауын-шашыннан іркілген сулар жиналады. Ертеден керуен, көш жолының бойында орналасуына байланысты Аққоңырдаң деп аталған; 2) Ақтау бұйратының солтүстігіндегі Жыңғылды сайында жатқан ойпаң. Ойпаң түбі әктастан түзілген. Жағасы жайылма, шығыс беткейі әктасты жарлауыт. Негізгі су көздерінің бірі болған. Кейде Тасқоңырдаң деп те аталады.«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы,2002;

Дереккөздер

Санат:Қазақстан табиғаты Санат:География