Ақтөбе марганец кендерінің тобы - Ақтөбе облысындағы Біршоғыр темір жол санциясының солтүстік-шығысында 20 км-дегі Шуылдақ қонысында орналасқан.
Геологиялық құрылымы Ұсақ кендер мен кентас белгілері девон мен тас көмірдің шөгінді-эффузивті, бордың, төменгі палеогеннің жоғарғы бөлімдерінің шөгінді жыныстары мен көне дәуір жыныстарының үгілу қыртысында кездеседі. Кен Біршоғыр синклиналінің солтүстік бөлігінде, девонның қышқыл эффузивтерінің туфтекті құмтастарымен жапсарласқан.
Сипаты Кентас денелерінің созылымы меридиандық бағытта құлау бұрышы 27-35°С-қа тең. Кен орнында екі кентас денесі бар. Олардың ұзындығы 250 – 350 м, құламасы 130 – 150 м тереңдікке дейін жетеді, орташа қалыңдығы 0,85-1,10 м. Марганец мөлшері 1-сінде 3,56 – 40,9%, 2-сінде 13,7 – 41,3%. Кентастың негізгі минералы – пиролюзит. Кен қоры 150 мың т шамасында.Қазақстан Республикасының табиғаты туралы энциклопедиясы, V- том
Дереккөздер
Санат:Ақтөбе облысы кен орындары