Алаайғыр – Алматы облысы Райымбек ауданы Хан Тәңірі шыңының солтүстік-шығысындағы асу.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 3870 м. Асудан мамыр – қыркүйек айларында салт атты адам өте алады. Алаайғырдың солтүстік баурайынан Нарынқол өзені бастау алады. Тіктеу солтүстік-батыс бөлігі тауаралық аңғарға ұласады. Шығысында Қытаймен шектеседі.

Өсімдігі Тау беткейлерін альпілік және субальпілік шалғындары көмкеріп жатыр. Одан төменде қарағай, қайың ормандары өскен.Қазақстан Республикасының табиғаты туралы энциклопедия, V- том

Дереккөздер

Санат:Алматы облысы асулары Санат:Тәңір тауы