Алакөл – Тобыл алабындағы көл.
Географиялық орны Қостанай облысы Қамысты ауданы Қуыссор көлінің батысында орналасқан.
Гидрографикасы Аумағы 10,8 км2, теңіз деңгейінен биіктігі 225 м. Ұзындығы 6,5 км, енді жері 3 км, жағалау бойының ұзындығы 20,5 км. Негізінен қар және жер асты суларымен толысады. Қарашада қатып, сәуірдің аяғында мұзы ериді.
Жағалау сипаты Көл Сыпсыңағаш қолатындағы Теңіз, Қуыссор, Ұзынсор, Жаркөл, Қайыңдысор көлдерінің жанында орналасқан. Жазық келген жағалауында қамыс, құрақ, қоға, т.б. шөптесіндер өседі.
Дереккөздер
Санат:Қамысты ауданы көлдері Санат:Тобыл су алабы