Ащыбай – Обаған өзенінің сол саласы.

Географиялық орны Қостанай облысы Әулиекөл ауданы жерімен ағады.

Гидрологиясы Бастауын Ащы жарлы сайынан алып, Құсмұрын кентінен оңтүстік-батысқа қарай 4 км-дей жерде Обаған өзеніне құяды. Ұзындығы 81 км, су жиналатын алабы 30 мың км2, жылдық су ағымы 60 млн. м3. Көктемгі су тасу кезіндегі судың минералдығы 02 – 0,8 г/дм3, сабасына түскен кезінде 15,0 г/дм3-ді құрайды. Өзен аңғары шабындық және мал жайылымына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Әулиекөл ауданы өзендері Санат:Обаған су алабы